Мемлекеттік қызметкерлер 507 млн теңгесін құмар ойынға жұмсаған. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы мәлімдеді. Прокуратураның дерегінше 305 мемлекеттік қызметкер құмар ойынның қармағына ілінген.
«Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құмар ойынға жұмсаған қаражаты: ҚР Iшкi iстер министрлiгi – 97 млн; ҚР Қорғаныс министрлігі – 95 млн; ҚР Қаржы министрлігі – 25 млн; Жергiлiктi атқарушы органдар – 36 млн; ҚР Қаржы мониторингі агенттігі – 15 млн; ҚР Жоғарғы Соты – 7 млн; ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі – 3 млн; \Басқа мемлекеттік органдар – 27 млн», - делінген Алматы облысы прокуратурасының таратқан дерегінде.Облыстық прокуратура тарапы аталған фактілер бойынша тексеру жүргізіп, құзыретті органдарға шара қолдану үшін жолдағандарын айтты.