Ақтаулықтар 25 қазан күні автобуста тегін қатынайды

Ақтаулықтар 25 қазан күні автобуста тегін қатынайды

Ақтау қаласы әкімдігінің мәліметінше, Ақтауда Республика күніне орай сейсенбі, 25 қазан күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады.

«Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! 25 қазан күні Ақтау қаласында №2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 маршруттарымен қатынау тегін болады» делінген хабарламада.