Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Ақорда» резиденциясының алдында Республика күніне арналған мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Рәсімде Құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшысына рапорт берді. Кейін Президенттің бұйрығымен еліміздің мемлекеттік Туы көтеріліп, Әнұран орындалды.