Абай атындағы ҚазҰПУ-да Abai University Speaking Club ресми ашылды. Іс-шараға басқарма төрағасы – ректор Дархан Біләлов және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов қатысты.
Ашылу салтанатының қонақтары АҚШ-тың Қазақстандағы Бас консулдығының өкілі Чэд Киннер, ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі Айгүл Тайтелиева және америкалық кеңестің өкілі, бағдарлама үйлестірушісі Мақсат Қошқарбаев.
«Университет стратегиясының негізгі тармақтарының бірі – «үйдегі интернационалдандыру» принципі (Knight, 2004). Жаңа клуб – бұл біздің стратегиямызды жүзеге асыру жолындағы тағы бір қадам. Осылайша, біз университет пен жалпы білім беру жұмысының сапасын арттыруды, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлері мен студенттерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеміз. Клуб қызметіне сәттілік тілей отырып, біз серіктестерімізге алғыс айтамыз», – деді ректор.