«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Қазақстанда 29-31 қазанда күн күрт салқындайды. Синоптиктердің мәліметінше, батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
«30 қазанда Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр аралас қар жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, батыста жаяу бұрқасын болуы ықтимал» делінген хабарламада.