Ақмола облысы аумағынан қос аққуды атып алған күдікті ұсталды. Оның аңшыға тиісті куәлігі болған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұланды аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Журавлев ауылдық округінің аумағында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде «ИЖ-Юпитер 5» мотоциклін мінген 67 жастағы жергілікті тұрғынды тоқтатады. Оның құжаттары мен көлік құралын тексеру кезінде полицейлер мотоцикл арбасынан атылған екі сұңқылдақ аққу және 12 калибрлі «ТОЗ 34» тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын тапты. Айта кету керек, қару ІІО тіркелген, сонымен қатар ауыл тұрғынының тиісті аңшы куәлігі бар.