Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 360 келіден астам шаянды заңсыз тасымалдаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Polisia.kz-тің дерегінше, республикалық «Браконьер» іс-шарасы өтіп жатыр. Құйған ауылдық округі Қызыл ту өткелінде жүргізілген тексеру кезінде Күршім ауданының ЖПҚБ ППТ қызметкерлері 34 жастағы тұрғынның көлігін тоқтатты.
Оның заңсыз шаян тасымалдағанын анықтады.
«Сотқа дейінгі тергеу барысында көлік жүргізушісі шаяндарды келісім жасалған кезде бетперде киген, бұрын танымайтын бес ер адамнан сатып алғанын айтқан. Кейін тауарды күйеу баласының ГАЗель көлігіне тиеп, Өскеменге бет алған жолда тәртіп сақшылары ұстаған. Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Думан Қожахметов.