Орал қаласында алғашқы қар жауды, – деп хабарлады ҚазАқпарат.
Қарашаның 1-іне қараған түні жауған қар толастар емес.
Қазір көшелер, ағаш-теректер, автокөліктер кәдімгідей қар жамылған. Температура тілі 0 градусты көрсетіп тұрғандықтан, қар еріп те жатыр.
Кеше қалада жаңбыр жауса, бүгін қар алмастырды.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы күндері де осындай ауа райы болмақ.
Жалпы, биыл өңірде күз жауын-шашынды болып тұр.
https://www.youtube.com/watch?v=kf2Z7D6hMBc&feature=emb_imp_woyt