Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Шығыс Қазақстан облысында еңбек ұжымдарымен, көпбалалы аналармен, бизнес-қоғамдастықтың және этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті.
Облыстағы этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары бүгінде мемлекеттілікті нығайту үшін бекем бірліктің маңызы зор екенін айтты.
«Соңғы үш жарым жылда еліміз түрлі сынақтармен бетпе-бет келді. Кездескен қиындықтың бәрін еңсеріп, халқымыздың бірлігі одан әрі нығая түсті. Ішкі саяси тұрақтылық, этносаралық келісім, мызғымас мемлекеттік егемендік және еліміздің аумақтық тұтастығы қуатты Қазақстан құрудың негізі. Сондай-ақ бұл жолда ұлттық мүдде мен азаматтық патриотизмді қорғаудың маңызы зор. Алдағы уақытта бәріміз бірге қуатты Қазақстан құруды жалғастыра береміз деп сенемін», – деді өңірге келген Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.Жас ІТ мамандармен кездесуде штаб мүшелері үміткердің сайлау алдындағы бағдарламасына тоқталып, ондағы цифрландыру саласына қатысты басымдықтарға назар аударды.