Париждегі (Франция) ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросының кеңсесінде 2022 жылдың 1-4 қарашасы аралығында ИКАО аймақтық бюросы ұйымдастырған Еуропа және Солтүстік Атлантика (ENAVSECG/10) арнайы авиациялық қауіпсіздік тобының оныншы отырысы өтуде.
Кеңестің күн тәртібінде қиын кезеңдерде азаматтық авиацияның өзгеріп отыратын қатерлеріне тұрақты түрде қарсы тұруға бағытталған мемлекеттердің проблемалары мен күш-жігері, авиациялық қауіпсіздік саласындағы соңғы технологиялық және инновациялық әзірлемелер, азаматтық авиациядағы адами фактор және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты басқа да аспектілер қаралады.
Оныншы кеңестің бірінші күні авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы топтың жаңа төрағасы мен оның орынбасарлары – ENAVSECG/10 сайлауы өтті. Дауыс беруге Париждегі ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросына (EUR/NAT) мүше мемлекеттер қатысты.
Дауыс беру нәтижелері бойынша авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы топтың – ENAVSECG/10 вице-төрағаларының бірі болып Қазақстан Республикасынан кандидат Еспотанов Дархан Инкарбекұлы – "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директорының орынбасары сайланды. Төраға болып Франциядан кандидат, екінші вице-төраға болып Латвиядан кандидат сайланды.