Атырауда өзенге батып кеткен тұрғынның мәйітін судан шығарды

Атырауда өзенге батып кеткен тұрғынның мәйітін судан шығарды

Марқұмның мәйіті 2 қараша күні сағат 19.00-де Шарон өзенінен жергілікті тұрғындардың көмегімен судан шығарылды. Оқиға  1 қараша күні болды. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылында Шарон өзеніне 1969 жылы туған азамат батып кеткен.

«1 қарашада сағат 18.30-да Орлы ауылы тұрғыны Шарон өзенінен өтпек болған кезде қолдан жасалған қайығы аударылып, суға батып кеткен. Іздестіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері, 1 қайық және 2 бірлік техникасы, 20 жергілікті тұрғын, 2 бірлік техника, 1 бірлік қайық, аудандық полиция бөлімінен 3 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды»   делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА