ЭЫДҰ халықаралық сарапшылары Орталық Азия мен Кавказ мемлекеттік қызметшілерін цифрлық үкімет саясатын дамытудың озық тәжірибелерімен таныстырды Самарқандта өткен «Цифрлық үкімет саясатының негіздері» атты әлеуетті дамыту жөніндегі семинар ауқымында Орталық Азия мен Кавказ елдерінің 60-тан астам уәкілетті органдары өкілдері цифрлық үкімет саясатын дамыту мен жүзеге асырудың озық тәжірибелерін зерделеуде. Сондай-ақ олар аймақтағы елдерге назар аудара отырып, БҰҰ-ның 2022 жылғы электронды үкімет жайлы зерттеу нәтижелерімен де танысты. Өзбекстан Ақпараттық технологиялар мен коммуникацияларды дамыту министрі бірінші орынбасары Олег Пекос:
«Пандемия кезінде цифрлық технологияларды күнделікті өмірімізге, әсіресе мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласына жедел енгізудің маңыздылығына бәрінің көзі жетті»,- деді.
«Жақында үкімет цифрлық платформа тұжырымдамасына көшу жоспарын жариялады, онда барлық деректер әлеуметтік мәселелерді шешу мен жаңа құндылықтар қалыптастыру үшін өзара байланыстырылған». «Осы бағдарлама аясында тәжірибе және әртүрлі үлгілер алмасу арқылы мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыруға және цифрлық үкіметті одан әрі дамытуға мүмкіндік бар» - деді Сунжае Ли.
«Бүгін біз өмір сүріп жатқан жаңа шынайы жағдай бүкіл әлемдегі үкіметтерді жаңа технологиялар мен инновацияларды – мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтер көрсетудегі тиімді құрал ретінде қолдануды жеделдетуге шақырады. Сонымен қатар заманауи үдерістер мен азаматтардың артып келе жатқан сұраныстарын ескертін цифрлы үкімет саясатының келісілген негіздерін жасап шығару маңызды. Қазіргі үрдістерді де, азаматтардың өсіп келе жатқан үміттерін де ескеретін келісілген цифрлық мемлекеттік саясаттың негізін жасау өте маңызды. Егер халықаралық тәжірибе мен озық практика ескерілсе, мұндай негіздеменің сапасы жағынан ұтары сөзсіз», - деді ол.Қазақстандағы БҰҰ ДБ Тұрақты өкілі мінжетін атқарушы Сухроб Ходжиматов Корея Үкіметімен бірлескен жоба БҰҰДБ жаңа цифрлық стратегиясымен тұспа-тұс келетінін және Тұрақты даму мақсатына қол жеткізу үшін цифрлық шындықтың қиындықтары мен сын-қатерлерін тиімді жеңуге бағытталғанын атап өтті.
«Цифрландыру – технологиялық прогресс әкелген инновацияларды пайдалана отырып, халықтың ең осал топтарына қол жеткізуге көмектесетін тұрақты дамудың негізгі факторы. Бүгінде дүние жүзіндегі үкіметтердің көпшілігі өз елдерін цифрлық түрлендіру бойынша күш-жігерін арттырып, ашық үкімет үшін азаматтарға тезірек және тиімдірек қызмет көрсету және қоғамдық сенімді қалпына келтіру үшін мүмкіндіктер жасауда» - деп нақтылады спикер.Іс-шара барысында Корея Республикасы мен ЭЫДҰ халықаралық сарапшылары Цифрлық үкімет саясаты саласындағы негіздемелік тұжырымдаманы (DGPF) қолданудың табысты мысалдары мен компоненттерін ұсынды. Қатысушылар сондай-ақ осы бағыттағы сын-қатерлер мен проблемаларды талқылауға және талдауға әрі саясатты тиімді жетілдіру мен іске асыру жөніндегі кеңестермен танысуға мүмкіндік алды.