NASA ғарыштық жаңа керемет «Джеймс Уэбб» телескопы түсірген әйгілі «Жаратылыс тіректерінің» екінші суретін жариялады. Өткен аптада өңделген бұл суретте ғалымдар ортаңғы инфрақызыл диапазонда түсірілген алғашқы жұлдыздар белсенді түрде қалыптасып жатқан – «жұлдыздар тәлімбағы» деп аталатын аймақты анық көре алады. 19 қазанда NASA жариялаған жақын инфрақызыл диапазонда түсірілген «бағандардың» суреттері төменде берілді. Екі уақытта түсірілген суреттер бір-бірінен қатты ерекшеленеді. [caption id="attachment_225378" align="aligncenter" > «Джеймс Уэбб» түсірген арасы 10 күн болатын «Жаратылыс тіректерінің» ғажайып бейнесі. Фото NACA ғарыш агенттігінің сайтынан алынды[/caption] Жаратылыс тіректері Жерден 6 500 жарық жылы қашықтықта орналасқан. Тіректер Бүркіт тұмандығы ретінде белгілі белсенді аймақтың орталығында орналасқан. Әлемдік телескоптардың көпшілігі дәл осы жерге бұрылған: ғалымдар будақтаған газ бен ғарыштық шаңнан жарқ етіп жұлдыздар жасайтын термоядролық реакцияны тудыратын физикалық және химиялық процестердің құпиясын ашуға құштар. Ондай жаңа жұлдыздар Күннен ондаған есе үлкен және ауыр болуы мүмкін. Негізгі айнасының диаметрі 6,5 м және өте сезімтал сенсорлары бар «Джеймс Уэбб» бұл процесті бақылау үшін ең қолайлы құрал саналады. Жаңа суреттерді «Джеймс Уэбб» қысқа толқын диапазонында түсірген. Әдетте, инфрақызыл сәулелермен түсіру астрономдарға көрінетін жарықты «сүзуге» мүмкіндік береді, бұл шаңды бағандарды мөлдір етіп, олардың ішінде пайда болатын жұлдыздарды егжей-тегжейлі көрсетеді. Ғалымдар осылайша, алғаш рет алдыңғы суреттер газ бен шаң бағандарының ішінде мыңдаған жас, жарқыраған көкшіл жұлдыздардың бар екенін көрді. Ал орта инфрақызыл диапазонда түсірілген бейне бұрын жұлдыздарды бүркеп көрсетпей тұрған ғарыштық шаңның өзін зерттеуге мүмкіндік береді, оның бөлшектері де шамамен осындай орта ұзындықтағы өз толқындарын шығарады. [caption id="attachment_225379" align="aligncenter" > Жарық жылдамдығымен ұшсаңыз да бұл «Жаратылыс тіректерін» жарып өтуге жылдар қажет. Олардың өлшемі орасан зор. Фото NACA ғарыш агенттігінің сайтынан алынды[/caption] Бұл «Джеймс Уэбб» ғарыштық телескопы түсірген классикалық суретте ғарыштағы ең әдемі жерлердің бірі бейнеленген. «Жаратылыс тіректері» деп аталатын сутегі газы мен ғарыштық шаңнан тұратын суық, тығыз бұлттарды қуатты Хаббл телескопы да 1995 және 2014 жылдары екі рет түсірген. Ал «Джеймс Уэбб» басқаша ракурспен түсіріп, адамзатқа керемет бейнелер сыйлады. «Ортаңғы инфрақызыл диапазон бізге шаңды перденің көрінісін береді деп күткен едік, бірақ бұл таңғажайып жаңа сурет бір диапазонда түсірілген толқындардың шаңның өзін және ыстықтан жарқыраған жарықты шағылыстыратын шаңды және күрделі молекулаларды зерттеу үшін де тамаша екенін көрсетті», – деп түсіндіреді Еуропалық ғарыш агенттігінің ғылыми кеңесшісі, профессор Марк Маккориан. Кескінді спектрографиялық талдау арқылы онда күрделі химиялық қосылыстардың, соның ішінде полициклді ароматты көмірсутектердің (ПАК) бар екенін анықтады. Күнделікті өмірде олар күйдірілген нанның бетінен немесе автомобиль түтінінен алуға болады. Ғалам көміртегімен жұлдыздардың эволюциясы кезінде пайда болған ПАК арқасында байытылған деп саналады. Жаңа суретті түсірген MIRI құрылғысын Еуропаның 10 елінің (Ұлыбритания құрылғыны жасауда жетекші рөл атқарды) және NASA-ның реактивті қозғалыс зертханасының ғалымдары мен инженерлері бірлесіп жасаған.
«MIRI қаншалықты сапалы жасалғанын оның жұмысынан көреміз. Ол бізге түбегейлі жаңа ғылыми ақпарат берді. Бұрын физикалық тұрғыдан қол жеткізе алмаған нәрселерді көруге мүмкіндік береді», – дейді британдық астрономиялық технологиялар орталығының директоры және жобаның тең жетекшісі, профессор Джиллиан Райт BBC-ге берген сұхбатында.«Бұл жаңа суретте біз көріп отырған элементтер «тіректердің» сыртқы қабығына ұқсайды. Алғашқы жұлдыздардың жарығы шаңды жарып өте бастаған жіп тәрізді құрылымдарды көре аламыз. Сондай-ақ қараңғы жерлер де байқалады. Олар соншалықты тығыз және суық, тіпті MIRI ешқандай бөлшектерді байқамаған. Джеймс Уэбб телескопы – АҚШ, Еуропа және Канада ғарыш агенттіктерінің бірлескен жобасы. Ол – 2021 жылдың желтоқсанында іске қосылды. Әйгілі Хабблдың "мұрагері". Бұдан кейін де Джеймс Уэбб ғалымдарды ғаламның терең түкпірлеріне үңілуге, Жаратылыстың талай құпияларын ашуға көмектеседі деп күтілуде.