Семей қаласының коммуналдық техникасы қысқы кезеңдегі жұмысқа дайын. Қысқы маусымға дайындық шеңберінде мамандандырылған жинау техникасына, машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйіне, сондай-ақ қажетті тазалау құралдарына байқау жүргізілді.
Қаланы жинау және қар мен көктайғақ кезінде көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 92 бірлік мамандандырылған жол-жинау техникасы, 4 000 тоннадан астам инертті материал және 2 500 м3 құм-тұз қоспасы дайындалды. Қалың қар жауған кезде жұмыс күші мен техниканың саны қажеттілікке қарай артады.