Жақында Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев Абай облысына іссапармен келді. Сапар барысында өңірдің әлеуетіне баға берді.
Жұмыс сапары аясында Арман Шакқалиев министрлік өкілдері және Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов көкөніс өсіру бойынша өңірлік көшбасшы «Агрофирма «Приречное» ЖШС-на ат басын бұрды.
Аталған фирма картоп, сәбіз, пияз, қызылша және қырыққабат өсірумен танымал. Шаруашылықта барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасы, суару жүйесі және 14 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасы бар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорны жыл сайын 7-9 мың тонна картоп, 2 мың тонна сәбіз, қырыққабат және пияз өндіреді.
Сондай-ақ, бірінші вице-министр 2 148 сауда орнына есептелген «Ақшың» базарының жұмысымен танысты.
Айбике ЖАНАСЫЛ