Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері зиялы қауыммен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, педагогтармен, студенттермен және Жамбыл облысының көпбалалы аналарымен бірқатар кездесу өткізді. Мәселен, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен болған кездесуде Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов бүгінде кез келген қоғамды дамытудың басты шарты келісім екенін атап өтті.
«Адамдар бір-бірін тыңдаудан, түсінуден қалатын болса, бұл күрделі мәселенің бастауына айналады. Мұның неге әкеліп соғатынын әртүрлі елдердегі жағдайлардан көріп отырмыз. Этникалық тегіне қарамастан, еліміздің әрбір азаматына Конституция тең мүмкіндікке кепілдік беріледі. Бұл – болашақта да бұлжымайтын қағида», – деді Ерлан Қошанов.