Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Карина Ибрагимова жартылай финалға шықты. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Карина Ибрагимова 57 келіге дейінгі салмақта алғашқы жекпе-жегін оңтүстіккореялық Им Ае Джимен өткізді. Бойы мен қолының ұзындығын пайдаланған Карина соққыларын көбірек дарыта білді. Ал, кореялық боксшы үшінші раундта қауіпті қимыл жасағаны үшін ескерту алып тынды. Төрешілер есебі – 5:0, К. Ибрагимованың пайдасында. Осылайша, Карина әйелдер арасында жүлдегерлер қатарына қосылған алтыншы боксшы атанды.