Қызылордадағы көп жылдан бері жыр болған шыны зауыты өз жұмысын бастап, алғашқы өнімін шығарды. Өндіріс орны «Orda Glass Ltd» серіктестігі және қытайлық «Чайна Триумф» компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылған болатын.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәлімдеуінше, зауыт шығарған 6 вагоннан тұратын алғашқы өнімі екі вагоннан Шымкент, Алматы және Астана қаласына жөнелтілген. Бүгінде отандық өнімге деген сұраныс көптеп түсіп жатса керек.
Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ
Қызылорда облысы