Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Tengrinews.kz-тің мәліметтінше, оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылында болған. Видеодан кірпіш зауытының директоры зауыт жұмысына наразы ауыл тұрғындарына пышақ ала жүгіргені анық көрінеді.
Облыстық Полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.
«Мас болған кірпіш зауытының директорлары мен жергілікті халық арасында жанжал туындағаны рас. Факті Еңбекшіқазақ аудандық Полиция басқармасында тіркелді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», – деді полицейлер.Бұған дейін Талғарда жол апаты жанжалға ұласқаны туралы жазған болатынбыз.