Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында құны 52,1 млрд теңге болатын Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткелінің құрылысы жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңын жайластыру, айналма, технологиялық жолдар, электр беру желілері, түйісулер құрылысы, су өткізу құбырларын орнату, учаске жұмыскерлері үшін екі жатақхананың құрылысы аяқталды, уақытша көпір мен негізгі көпір тіректерінің құрылысы жүргізілуде.