Көкшетауда ер адам көлігінде уланып, көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 8 қарашада Көкшетау қаласында болды. Облыс орталығының 32 жастағы тұрғынының зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі гаражда тұрған көліктен табылды. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, ер адамның өлімі көміртегі тотығымен улану салдарынан болған. Қазір полицейлер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Полицейлер автокөлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырады. Газбен уланудың алдын алу үшін автокөліктің шығару жүйелерінің дұрыстығын және олардың герметикалығын үнемі тексеріп отыру қажеттігін еске салады.