Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Ақтөбе облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.
Ақтөбе рельс-арқалық зауытының еңбек ұжымымен кездесуде кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген ел өнеркәсібін дамытуға арналған шаралар талқыланды.
«Ақтөбе облысы – еліміздегі маңызды индустриалды өңір. Еңбек адамдары, сондай-ақ жауапты, еңбексүйгіш, патриот ақтөбеліктер облыстың өсіп-өркендеуінің негізі екені сөзсіз. Сіздер әрдайым еліміздегі реформаларды, бейбітшілікті және тұрақтылықты қолдап келдіңіздер. Сондықтан алдағы Президент сайлауында, ел дамуындағы осындай жауапты кезеңде өңір тұрғындары дұрыс таңдау жасайды деп сенеміз», – деді Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Мәулен Әшімбаев.Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесуге 350-ден астам адам қатысты. Іс-шарада РҚШ мүшелері сайлау алдындағы бағдарламаның өңірлік инфрақұрылымды жақсарту және жұмыс орындарын ашу мәселелеріне арналған бағыттарына назар аударды.