Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Маңғыстау облысында жалғасты.
«Zhamal-ai LTD» арнайы киім және аяқкиім өндіретін фабрикаға барған Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары кәсіпорын ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді.
«Президент сайлауы – мемлекетіміздің одан әрі даму бағытын айқындайтын маңызды қадам. 20 қарашада қазақстандықтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасау арқылы саяси мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетуі маңызды», – деді РҚШ мүшесі, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева.Бұдан соң штаб мүшелері өңір жұртшылығымен сайлауалды бағдарламадағы аймақтық көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бөліміндегі негізгі бағыттарды талқылады.