Көкшетауда өртеніп кеткен автокөліктен ер адамның мәйіті табылды. Қазір марқұмның кім екенін анықтап жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Оқыс оқиға бүгін таңертең болған. Таңғы сағат 05.53-те Көкшетау қалалық Полиция басқармасының жедел басқару орталығына телефон шалған адам Әуезов-Подгорная көшелерінің қиылысында автобус аялдамасына соққан «Мерседес – ML-320» маркалы автокөліктің өртеніп жатқанын хабарлаған.
«Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы аттанды. Өрт сөндіру кезінде түгелдей өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды. Полиция басқармасымен аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – дейді Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Ақмола облысы