Өткен түнде таңға дейін қала көшелеріндегі жол-көлік оқиғасы күрт өскен. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті Жедел басқару орталығының кезекші бөлімі хабарлады. Оның себебі, қалада қар жаууына байланысты, - дейді мамандар.
«16 қараша таңғы сағат 08.00-ден 17 қараша күні таңғы сағат 08.00-ге дейін Алматы қаласында 136 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 26 жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер бар, қайтыс болғандар жоқ. Жай күндердегі статистика бойынша (ауа райы күрт нашарламаған күндерде) қалада 70-80, кейде 100-ге дейін жол-көлік апаты тіркеледі», - делінген полиция таратқан мәлімдемеде.Осыған қатысты Алматы полициясы көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.
"Бұл үндеу негізінен қаупі жоғары көлік басқаратын қала жүргізушілеріне арналады. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін танытуға және мұқият болуға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті әрі қала көшелеріндегі қайғылы оқиғалардың алдын алуға көмектеседі", – дейді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.