Бүгін «Jana Qazaqstan» зияткерлік кеңістігіне қатысушылар үшінші кездесу барысында «Қазіргі заманғы зерде соғыстары» тақырыбында пікірталас өткізді.
- 17 қараша күні пікірталасқа кездейсоқ таңдалған жоқ. ЮНЕСКО-ның бастамасымен дәл осы күні Дүниежүзілік философия күні атап өтіледі. Осы күні осындай кездесуді ұйымдастыру – бұл адамға сыни ойлауды, сындарлы пікір алмасуды және шындықты іздеуді үйрететін философияға құрмет көрсету тәсілі – деді пікірлесушілер.