5 жасар баланың салмағы небәрі 10 келі, – деп хабарлайды Sputnik.kz. Көкшетау полициясына 2017 жылғы баланың туысы арыз жазып, әкесі мен өгей шешесі балаға дұрыс тамақ бермей, ара-тұра байлап қоятынын хабарлаған.
«Тексеру барысында 37 жастағы Көкшетау тұрғынының бірінші некесінен кәмелетке толмаған 3 баласы және екінші некесінен кәмелетке толмаған 4 баласы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта ол екінші әйелімен тұрады», – деп хабарлады полиция.Учаскелік полиция инспекторы мен жауапты мекеме өкілдері осы үйге барып, баланың әлсіреп кеткен күйін көрген. Бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған. Қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр.