Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Осман Алматы қаласындағы №64 сайлау учаскесіне барып, елдің тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдауға атсалысты. Әрбір сайлаудағыдай бұл жолы да алғашқылардың бірі болып дауыс берді. «Бұл сайлау елдің тағдырын айқындайды. Қабанбай бабамыз айтыпты: «Хан біреу, қалғандарымыз тіреу болсын» деп. Қарақтарым осы сөздің құдіретіне ештеңе жетпейді. Сондықтан бүгін тайлы-тұяғымызбен өз таңдауымызды жасадық. Елдің алдында жүрген аға буын өкілдері өздерінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсететін шақ келді. Сайлаудан, келешектен жақсылықты күтемін», – деді Асылы Осман. Алматыда 600 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Ал қалада 1 миллион 176 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Тұрғылықты тіркеуі жоқ алматылықтар арнайы ашылған учаскелерге барып, таңдау жасай алады.