Жамбыл облысындағы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына қоғамның әр саласынан азаматтар белсенді атсалысуда. Азаматтық таңдауын жасаған жерлестеріміздің қатарында егіздер – Ербол мен Нұрбол Тілепбаевтар да бар. Олар №28 сайлау учаскесіне келіп дауыс берді. – Біз өте қуаныштымыз, себебі бұл біздің кәмелет жасына толғаннан кейінгі алғашқы дауыс беруіміз. Президент сайлауының әр қазақстандық үшін тарихи мәні, тағдырлы мағынасы зор. Біз еліміздің келешегі, халықтың болашағы үшін өз таңдауымызды жасадық, – дейді егіздер.