Сайлау-2022: Үштөбеде 5 бала дүниеге келді

Сайлау-2022: Үштөбеде 5 бала дүниеге келді

Сайлау күні Қаратал ауданы Үштөбе қаласында 5 бала дүниеге келді. Аудандық орталық ауруханада ҚР президентін сайлау күні дүние есігін ашқан 5 шақалақтың, 3-і ұл, 2-і қыз бала. Бұл туу коэффициенті бойынша аудан үшін ағымдағы рекорд. – "Әдетте күніне 2 немесе 3 бала дүниеге келсе, көп деуші едік, дәл бүгінгідей айтулы күнде шаттыққа бөлену әрбір отбасы үшін қуанышты күн, – дейді бас дәрігердің орынбасары Зейнепкүл Сатмұхамедова. Айта кетер жайт, жас аналар мен перзентхана қызметкерлері ҚР президентін сайлауға қатысты. Сондай-ақ, жас нәрестені құшағына алған аналарды аудандық аурухана бас дәрігері Біржан Құмаров құттықтап, сыйлық табыс етті.