Атырау облысында ҚР президентін сайлауда 104 жастағы қарт әже дауыс берді. Балзиба Мажитова 1918 жылы дүниеге келген. Қазір 104 жаста. Әжей соғыс жылдары тылда еңбек етіп, 12 құрсақ көтерген. Ғасырдан асқан шағында 11 шөбере, 17 жиен, 34 жиеншар, 1 шөпшектің қызығын көріп отыр. Қария ел болашағы үшін өз таңдауын жасап, батасын берді. – Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Мен өмірімде қиындықтың бәрін көрдім, енді кейінгі жастар қиындық көрмесін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! – деді Б.Мажитова. Еске сала кетелік, Атырау облысы бойынша үйден дауыс беруге мүгедектігі бар, науқас және қарт сайлаушылардан барлығы 773 өтініш түскен. Астана уақытымен сағат 16:00-дегі жағдай бойынша, Атырау облысы бойынша сайлаушылардың 60,87 пайызы дауыс берді.