"Партиялық емес байқау орталығы " республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Асқар Ерназаров кезектен тыс президент сайлауының барысы туралы ойымен бөлісті. "Мен Назарбаев зияткерлік мектебі базасында орналасқан сайлау учаскесінде байқаушы болдым. Түске дейін дауыс берушілер нөпірі көп болды. Көзге ұрған заңбұзушылықтар болған жоқ. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан келген бірқатар халықаралық байқаушылармен де сөйлесіп, пікірлестім. Шетелдік байқаушылар халықтың сайлауға жоғары көңіл күймен келіп жатқандарын атап өтуде. Дауыс берудің құпиялылығын сақтауға барлық жағдайдың жасалғанын, байқаушылардың жұмысына кедергі болмағанын атап өткен жөн", – деді байқаушы Асқар Ерназаров. Еске сала кетелік, Атырауда облыс бойынша 261 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. Облыс бойынша 409 949 дауыс беруші тіркелген.