Қызылқоға ауданына қарасты Жамбыл селолық округі, Қаракөл ауылының 24 жастағы тұрғыны 20 қараша күні жоғалып кеткен. Нұрсұлтан Тұрлан есімді ауыл тұрғыны 20 қарашада таңғы сағат шамамен 3.00- 06:00 аралығында үйінен белгісіз бағытқа шығып, оралмаған. Ауыл тұрғының жоғалғаны туралы хабар жергілікті полиция департаментіне күндізгі сағат 13.00 шамасында түскен. Іздестіру жұмыстарына жергілікті полиция, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері және ауыл тұрғындары жұмылдырылып отыр. Жоғалған азамат туралы көрген-білгендер болса, 8775 336 52 83 номеріне хабарласу сұралады.
Баян Жанұзақова