Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz сайты хабарлады. Полиция мәліметінше, 22 қарашада Ақтөбе – Астрахань автожолының Мұғалжар ауданы Елек кенті тұсында ВАЗ-2114 көлігі негізгі жолға шығып кетіп, Lada Largus көлігімен соғысқан. Соққыдан Lada қарсы жолға өтіп, Kia Sorrento автокөлігімен соқтығысқан. Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі мен алты жолаушы апат болған жерде мерт болған. Kia-дағы төрт жолаушы жараланған.