Батыс Қазақстан облысында «AMANAT» партиясының кезектен тыс ХХХ конференциясы өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Олар – «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы, «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасын лауазымынан босату туралы және «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесіне өзгерістер енгізу туралы. Отырыста сөз алған Мұрат Рахметұлы «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы қысқаша баяндап өтті. Облыстық партия филиалының атқарушы хатшысының айтуынша, 10 айда бірқатар жұмыс атқарылған. Оның ішінде партиялық бақылау, қоғамдық қабылдау бөлмесі туралы да айтып өтті. Содан кейін ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының «AMANAT» партиясы барлық деңгейдегі филиалдарының төрағаларын лауазымынан босату туралы тапсырмасына сәйкес, облыс әкімі төрағалық лауазымынан босатылды. Бірақ Ғали Нәжімеденұлы, жиынға қатысушыларға өзінің партия мүшесі болып қалатынын жеткізді. Қорытынды қаралған сұрақ «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Саяси кеңесіне өзгерістер енгізу туралы болды. Жиынға қатысушылар конференция соңында облыс әкімі Ғали Есқалиевке бірлесе атқарған жұмыс үшін алғыстарын білдіріп, естелік фотосуретке түсті.