Президент Мәскеудегі «Белгісіз жауынгер бейітіне» гүл шоғын қойды

Президент Мәскеудегі «Белгісіз жауынгер бейітіне» гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары Александр бағындағы «Белгісіз жауынгер бейіті» мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды, - деп хабарлайды Ақорда.   Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстанның Әнұранын орындады. Содан соң Қазақстан делегациясының алдынан Құрмет қарауылы салтанатпен сап түзеп жүріп өтті.