Қызылорда облысында ауа райының нашарлауына байланысты Байгеқұм ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ нақтылап өткендей, шектеу енгізілген жол уаскелері "Самара-Шымкент" тасжолына қатысты.
"Жетісу облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, жел, ауа температурасының төмендеуі) “Алматы-Өскемен” тасжолының Жоламан ауылынан Сарқан қаласына дейінгі аралығында тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің және жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың қозғалысы шектелді" делінген хабарламада.