Ұлттық банк доллар мен рубльдің 5 желтоқсанға арналған ресми бағамын белгіледі. 1 доллар құны – 468, 98 теңге, рубль бағамы 7, 59 теңге болды. Kurs.kz-тің мәліметінше, Астанада 1 доллар 469,5-473 теңгеден, Алматыда доллар 468-472 теңгеден сатылып жатыр. Рубльді 7,25-7,45 теңгеден сатып алуға болады. Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 5 желтоқсанда валюта бағамы мынадай: USD / KZT – 468.98 (АҚШ доллары) EUR / KZT – 493.74 (Еуро) RUB / KZT – 7.59 (Ресей рублі) GBP / KZT – 575.63 (Фунт стерлинг) TRY / KZT – 25.16 (Түрік лирасы) UAH / KZT – 12.83 (Украин гривниі) CNY / KZT – 66.79 (Қытай юані) KGS / KZT – 5.55 (Қырғыз сомы) AED / KZT – 127.69 (БАЭ дирхамы).