Алматыда ресейлік жас орындаушы Инстасамканың жеке концерті шумен басталды. Ресейлік орындаушының продюсері әрі күйеуі Олег Еропкин (лақап аты - Moneyken) көрерменнің бірімен сөзге келіп қалады. Ол орыс тілінде былапыт сөздер айтып, ашуланған.
"Оны бұл жерден шығарып жіберіңдер. Оны шығармағанша біз бастамаймыз. Ол маған кет деді, енді өзі кетеді", - деді рэп орындаушы әрі продюсер Олег Еропкин.