«Дикий Арман» деген лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартылды.
"Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының А.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 2023 жылғы 7 қаңтарға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды", – деп хабарлады Алматы қалалық соттың баспасөз қызметі.Еске сала кетсек, Арман Жұмагелдиев 7 қаңтарда ұсталған болатын.