Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын» делінген ресми құжатта.Сонымен қатар Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Президент өкімімен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.