ХХІ ғасырдағы ең ірі соғыстың үнсіз куәсі болған миналар әлеуметтік желілердің көмегімен кездейсоқ табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
80 жылды артқа тастаған соғыс жәдігерін тапқанын осы жылдың 14 желтоқсанында WhatsApp мессенджерінің «Көкшетау экскаваторлары» топтық чатында Көкшетау қаласының 39 жастағы тұрғыны жер қазған кезінде тауып алған. Ол миналардың суретін әлеуметтік желіге жариялаған.
«Қазіргі уақытта табылған заттарды полиция тәркіледі, сараптама тағайындалды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, Ұлы Отан соғысы жылдарында «құпия» деген белгімен Көкшетау қаласының аумағына әскери зауыт эвакуацияланған. Ол 39 жастағы тұрғын қазған аумаққа орналастырылған», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук.Қазіргі уақытта полиция тексеруді жалғастыруда.
Ақмола облысы