Қазақстанның төрт өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды. Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында екпіні - 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20, 23 м/с. Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20, 23 м/с. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да күшті болады.