Алматыда XVI халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жабылу салтанаты өтті. Жеті күнге созылған «Еуразия» кинофестивалі аясында көрермендер мен қатысушылар 25 елдің кинокартиналарын тамашалады. Фестивальдың түрлі бағдарламасына 50 фильм қатысты, олардың үшеуі – «Әдемі Елена», «Боран» және «Ауыл» картиналарының көрсетілімдері әлемдік премьераларға айналды. Сондай-ақ «Мені Ивансыз жерлемеңдер» фильмінің халықаралық премьерасы және «Мәрмәр тастай суық» және «Құдайдың шақыруы» атты азиялық екі фильмнің премьерасы болды. Сонымен қатар көрермендер өз елдерінен Оскар сыйлығына ұсынылған төрт картинаны, сондай-ақ Asia Pacific Screen Awards сыйлығының («Азиялық Оскар» сыйлығының) иегері «Эсимде» фильмін көрді. Қазақстандық Катай Даули «Боран» фильмі халықаралық конкурс бағдарламасында қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болса, ұлттық конкурс бағдарламасында «Үздік фильм» марапаты – «Қызыл анар» (реж. Шәріп Оразбаев) фильміне, «Үздік режиссерлік жұмыс» – Серік Апрымовқа («Ауыл»), қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Отау» фильміне (реж. Әлішер Жәдігеров), «Үздік ер адам рөлі» марапаты – Әлихан Әбілдин («Жаз жақында аяқталады»), «Үздік әйел рөлі» марапаты – Ольга Ландинаға («Зере») бұйырды.