«AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бірқатар тұрғынның мәселесі оң шешімін тапты. Облыстық мәслихат депутаттарының қабылдауына келген азаматтардың басым бөлігі жұмыссыздық бойынша өтінішін білдіре келіпті.
Мәселен, халық қалаулысы Шолпан Бегалиева түркістандық көпбалалы аналардың мұң-мұқтажын тыңдап, өтінішін назарға алды. Қала тұрғындары М.Қасымова және А.Бисембиева қыздарының жұмыссыз жүргендігін айтып, көмек көрсетуді сұрады. Нәтижесінде, қос ананың талап-тілегі орындалып, Шолпан Маратқызына алғысын білдірді. Ал, кездесуге келген өзге де азаматтардың арыз-өтініштері депутаттың бақылауында болмақ.