Қызылорда облысының аумағындағы тасжолда болған жол апатынан екі адам қаза тапты.
«24 желтоқсан күні сағат 10:50 шамасында Самара-Шымкент тасжолының 1270-шақырымында (Арал ауданы) жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Lexus автокөлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапты», - деп жазды ІІМ-нен.Аталған дерек тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.