Өткен тәулікте 163 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 26 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 663 адам коронавирустан (-2 521 + және 142 КВИ-) емделуде, оның ішінде, 350 пациент стационарда, 2 313 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: – 11 адамның жағдайы ауыр; – 6 пациенттің жағдайы өте ауыр; – 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.