Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалсын», – деп жазылған ресми Жарлықта.