Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. "Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын", – делінген Президенттің Жарлығында. Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған. 1989-1990 жылдары – қазақ тілі мұғалімі. 1990-1995 жылдары – орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. 1995-1997 жылдары – орта мектеп директоры. 1997-2000 жылдары – ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі. 2000-2001 жылдары – Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы. 2001-2006 жылдары – қосымша білім беру орталығының директоры. 2006-2020 жылдары – халықаралық білім беру орталығының бас директоры. 2006-2007 жылдары – техникалық-экономикалық колледж директоры. 2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды. 2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазірге дейін БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.