Жоғалған адамды іздестіру жұмыстары екінші тәулік бойы жалғасуда. Құрманғазы ауданы Көптоғай селолық округінің Т.А. есімді тұрғыны 1 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған.
"Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері, 1 бірлік техника, Құрманғазы аудандық полиция бөлімінен 2 адам, 1 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды", – делінген Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметте.
Баян Жанұзақова